«Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен айналысатын субъектілердің есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
     Жобаның мақсаты - күзет қызметін, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметін, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін жүзеге асыратын субъектілердің Ішкі істер органдармен өзара іс-қимылы, сондай ақ мемлекеттік бақылауды автоматтандыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Заңды іске асыру.
     Бұйрық жобасының мәтінімен ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
     Сіздерді осы жобаны көпшілік талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты