«Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының мақсаты – ұлттық компаниялардың күзет ұйымдары үшін қойылатын біліктілік талаптарын (Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі) алып тастау, сондай-ақ біліктілік талаптарын жеке күзет ұйымының басшысынан басқа, күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлеріне қолдану бөлігінде жоғарыда аталған заңның нормаларына сәйкес келтіру.
Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы Бұйрық жобасын жария талқылауға қатысуға шақырамыз.