«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 93-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. 
     Жоғарыда көрсетілген Заңмен «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына  түзетулер енгізілді, атап айтқанда «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды» деген сөздер «цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды» деген сөздермен ауыстырылды.
     Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптардың 9-тармағының 12) тармақшасын жоғарыда көрсетілген түзетулерге сәйкес келтіру болып табылады.
     Жоба мәтінімен Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады:Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).
     Сіздерді жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.