«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Үкімет қаулысының жобасы азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелерін құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты – Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін құқықтық тұрғыдан сауатты ұландық əскерге шақырылушылармен сапалы түрде толықтыру. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау барысында халықпен дұрыс әрі заңды тұрғыда өзара іс-қимыл жасау қабілетін қалыптастыру, процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың шағымдары санын азайтып, қоғамның сенімін арттыру.
Аталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы