«Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 162 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Нормативтік актілерді сәйкестендіру мақсатында «Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 162 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
     Бұйрық жобасында автоматты жүйелерді пайдалана отырып жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеу кезінде қолданылатын өлшем диапазондарын және жол берілетін шекті қателіктерді нақтылау көзделеді.
     Атап айтқанда, өлшемдердің келесі түрлерін енгізу ұсынылады:
     - стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін (өлшеудің шекті қашықтығы) өлшеу;
     - мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін (өлшеудің шекті қашықтығы) өлшеу;
     - көлік құралдарының өлшемдері мен шығыңқы нүктелер және стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендердің жол таңбалары арасындағы қашықтықты өлшеу.
     Сонымен бірге өлшеулер тізбесі жол қозғалысы ережелерін бұзудың нақты түрлеріне байланысты келтіріледі.

Қызмет бағыты