«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ІІМ әзірленді.
     Келісімнің мақсаты – көші-қон саласындағы ақпаратпен алмасу, сонымен қатар қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ынтымақтастықты нығайту.
     Келісімді ратификациялау көші-қон саласындағы ынтымақтастық, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан аумағында жүрген екі ел азаматтарының құқықтарын қорғау, ақпарат және тәжірибе алмасу үшін негіз жасайды.
     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
     Осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты