ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізілетінін хабарлайды.
Аккредиттеуге арналған құжаттар 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Аккредиттеуге қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы немесе kense@mvd.gov.kz поштасы бойынша ұсынылады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 71-50-93 телефоны арқылы алуға болады.