«Электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатқа тіркеу нөмірін есепке алуды жүргізу және беру қағидалары және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жалға беретін электр самокаттарының тіркеу нөмерлік белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Бұйрық жобасы электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге электр самокатқа тіркеу нөмірін беру және есепке алу тәртібін көздейді, сондай-ақ электр самокатқа тіркеу нөмірінің нысанын және үлгісін бекітеді.
     Жобаның негізгі мақсаты – электр самокаттарын жалға беру компанияларының есебін жүргізу тәртібін құқықтық реттеу.
     Жобаны қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе басқа да жағымсыз салдары болмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейді.
     Жобаны іске асыру үшін бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
     Бұйрық жобасымен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
     Жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты