«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға жататын жедел және арнаулы қызметтер тізбесін бекіту туралы және арнайы түсті графикалық схемалар бойынша бояу» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 18-1-бабын іске асыру шеңберінде, мемлекеттік кіріс органдарына кедендік бақылау аймақтарынан тыс көлік құралдарын тоқтату өкілеттіктерін беру және «Елорда мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-3-бабына сәйкес, Астана қаласында Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын құру, оған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңдарға және тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) саласындағы қызметті ұйымдастыру өкілеттіктері берілгеніне байланысты әзірленді. Осыған байланысты, оларды жарқылдақ маяктармен жабдықтау қажетдігі туындайды.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының мобильді топтарының және жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының көлік құралдарын ерекше дыбыс және жарық сигналдарымен, ерекше түс схемаларымен жабдықтау.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе өзге де салдарларға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке де теріс әсерін тигізбейді.
Жобаны іске асыру бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
Бұйрық жобасымен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
Жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.