«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы «___» __________ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы ҚР ішкі істер органдары қызметіндегі бірқатар мәселелерді шешу жөніндегі 31.07.2025 жылғы Жол картасын іске асыру, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының және басқа да күш құрылымдарының әскерлері үшін қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы академиясының бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейту бөлігінде әзірленді.
Жобаның негізгі мақсаты – қызметкерлерді даярлаудың ведомстволық жүйесін қайта қарау бөлігінде аталған Жол картасын іске асыру, оларды шынайы қауіп-қатерде практикалық қолдану үшін қолданбалы сипатқа қайта бағдарлау; ведомстволық оқу орындарын өзекті мiндеттердi қамти отырып, зерттеулер жүргiзуге бағдарлау; зерттеу нәтижелерiн практикаға енгiзу рәсiмдерiн сапалы бағалау үшiн нақты әдiстемелер, алгоритмдер мен индикаторлар әзiрлеу болып табылады.
Аталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бюджет қаражатын бөлуді қажет етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады (Ашық НҚА).
Аталған жобаны көпшілікпен талқылауға қатысуға шақырамыз.