Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы БАҚ-қа хабарландыру

Ішкі істер органдарының бөліністерінде 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарын орындау үшін, сондай-ақ ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 3-тоқсанда ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның нормативтік құқықтық актілерінде және ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.