«Қазақстан Республикасы Президентіне қоғамдық қауіпсіздіктің (құқық бұзушылықтардың профилактикасының) жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, енгізу және оны жариялау жөніндегі Жарлық жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің аулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жарлық жобасы «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңның 40-бабына сәйкес әзірленді.
Жарлықта Қазақстан Республикасы Президентіне Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің (құқық бұзушылықтардың профилактикасының) жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, енгізу және оны жариялау жөніндегі қағидаларын бекіту көзделген.
Ұлттық баяндама – төмендегілерді көрсететін құжат:
- құқық бұзушылықтарды профилактикалау, криминогендік жағдай саласындағы ағымдағы жағдай;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қараусыздығы мен басқындығын алдын алу, азаматтарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан қорғау, сондай-ақ қоғамға зиянды мінез-құлық шараларын жүзеге асыру.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).
Аталған жобаны жария талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.