«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

     ІІМ келесі бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасы әзірледі:

     «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №23 бұйрығына оқу орындарында сабақ жүргізу үшін ІІО-ның тәжірибелі практикалық қызметкерлерін тартуды, сондай-ақ ІІМ орталық аппаратында магистранттардың, докторанттардың зерттеу бағыты бойынша тағылымдамадан міндетті түрде өтуін құқықтық реттеу бөлігінде.

     «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №24 бұйрығына ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына түсу кезінде оқу процесіне соңғы жылы лектор ретінде тартылған Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің ((К)ПД, ҚАЖД) тәжірибелі қызметкерлеріне басым құқық беру бөлігінде (ынталандыру шарасы ретінде).

     «Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында орын ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 190 бұйрығына жоғары тұрған басшы лауазымға жылжу кезінде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқу процесіне соңғы жылы лектор ретінде тартылған Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің ((К)ПД, ҚАЖД) тәжірибелі қызметкерлеріне басым құқық беру бөлігінде (ынталандыру шарасы ретінде).

     «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 354 бұйрығына:
- ғылыми-зерттеу қызметін (ҒЗЖ) қазіргі заманғы әлемдік ғылыми-технологиялық үрдістерге және дәлелдеу әдістеріне бағдарлау, ҒЗЖ-ның тиімділігін, нәтижелілігін және практикалық бағдарлануын арттыру үшін жаңа құралдарды (халықаралық тәжірибе, жобалық басқару әдістері, цифрлық навигация) енгізу;
- ҒЗЖ қағидаттары мен міндеттерін кеңейту (инновацияларды масштабтау және трансфер), пилоттық сынақтан өткізу, сынақтан өткізу нәтижелерін бағалау, масштабтау көзделген Енгізу жоспарын әзірлеу негізінде ҒЗЖ нәтижелерін енгізуді оңтайландыру;
- ҒЗҚ практикалық құндылығын анықтау (бастапқы бағалау, енгізгеннен кейінгі бағалау);
- Аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іске асыру тиімділігін бағалау (енгізу дәрежесін талдау; әлеуметтік, экономикалық, басқарушылық және мультипликативтік әсерлерін айқындау; ІІО қызметін дамытуға ғылымның үлесін бағалау) бөліктерінде.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны мен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 422 бұйрығына:
- ІІМ Басқару академиясының Басшы кадрларын даярлау факультетінің Жоғары академиялық курстарының қызметін реттеу;
- оқу процесіне соңғы жылы лектор ретінде тартылған Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің ((К)ПД, ҚАЖД) тәжірибелі қызметкерлеріне ІІМ Басқару академиясының ЖАК түсу кезінде басым құқық беру бөлігінде (ынталандыру шарасы ретінде).
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 763 бұйрығына ақылы негізде көрсетілетін білім беру қызметтерінің тізімін кеңейту бөлігінде.
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін байланыс құралдарымен, ұйымдық техникамен, бағдарламалық қамтылыммен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 378 бұйрығына ақпаратты қорғаудың аппараттық құралдары мен іздеу жабдықтарының тізбесін кеңейту бөлігінде (лицензиялық бағдарламаларды сатып алу).
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 31 шілдедегі Ішкі істер органдары қызметіндегі проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде әзірленді (ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы
А. Дәдебайдың 2025.18.07 №25-52-11.160-1қбп тапсырмасына).
Жобаның негізгі мақсаты – қызметкерлерді даярлаудың ведомстволық жүйелерін қайта қарап, оларды нақты қауіп-қатерлерге практикалық тұрғыда қолдануға бейімделген қолданбалы сипатқа бағыттау; ведомстволық оқу орындарын өзекті міндеттерді қамтитын зерттеулер жүргізуге бағдарлау; зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу рәсімдерін сапалы бағалау үшін нақты әдістемелерді, алгоритмдер мен индикаторларды әзірлеу бөлігінде көрсетілген Жол картасын іске асыру.
Осы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

     Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты