Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының 1-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру болып табылады.
Қаулы жобасы шеңберінде дайындаушы кәсіпорындарда өндірілетін, жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруын бақылау атысы кезінде лауазымды адамдарға өкілеттік беру бөлігінде түзетулер енгізіледі. Комиссиялық емес және наградтық атыс қаруын бақылау ату мерзімін ұзарту да ұсынылады.