Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Жоба 1998 жылғы 10 шілдедегі №279 «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес әзірленді.

     Заттарды бақылауға енгізу келесі негіздердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
- БҰҰ-ның Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің (МККН ООН) ұсынымдары келіп түскен жағдайда;
- Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тізбелерінде аталған заттардың болуы.
Қаулы жобасында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын жаңа есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың түрлерін енгізу көзделген.

      Аталған заттар 1961 жылғы БҰҰ-ның Есірткі құралдары туралы конвенциясына және 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенциясына сәйкес халықаралық бақылауға жататын есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізбелеріне енгізілген.

      Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бұл заттар ЕАЭО-да бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлардың тізбесіне енгізілді.

      Қаулы жобасында Қазақстан Республикасының бақылауына жаңадан енгізілетін 7 есірткілік заттар: - «Дигидроэторфин», «2-метил-АР-237», «Ремифентанил», «Этонитазепин», «7-Гидроксимитрагинин», «р-Аминопропиофенон», «Пропанидид», 8 психотроптық зат - «Гексагидроканнабинол», «Клонидин», «Фенатин», «Буторфанол», «Сальвинорин А», «Тианептин», «Модафинил», «Диметокаин», және 32 прекурсор - «N-метилэфедрин», «Аллилбензол», «Бензальдегид», «1-Бензил-3-метил-4-пиперидинон», «Бромистый этил», «1-бром-2-фенилэтан», «Бутиролактон и его изомеры», «1,4-бутандиол», «1-диметиламино-2-пропанол», «1-диметиламино-2-хлорпропан», «2,5-диметоксибензальдегид», «Метилакрилат», «Метилметакрилат», «3-Метил-1-фенэтил-4-пиперидинон», «N-(3-Метил-4-пиперидинил) анилин», «N-(3-Метил-4-пиперидинил)пропионанилид», «4-метоксибензилметилкетон», «1-фенил-2-нитропропен», «Фенэтиламин», «1-хлор-2-фенилэтан», «Циклогексиламин», «Дифенилацетонитрил», «1-(4-метилфенил)-2-пропанон», «1-(4-Метилфенил)-2-нитропропен», «1-(1-циклогексен-1-ил)пиперидин», «2-Диметиламино-1-хлорпропан», «Метил-альфа-фенилацетоацетат», «Альфа-фенилацетоацетамид», «Нитроэтан», «Дифенилуксусная кислота», «Метилфенилацетат», «Этилфенилацетат»;

      Аталған қаулы жобасының әзірлеушісі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

      Сіздерді осы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.