«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы жобасы ішкі істер министрінің ведомстволық бұйрықтарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы Ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді (сілтеме нормаларының өзгерістері бөлігінде).
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Жол қозғалысы туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңдардан дебюрократияландыру шеңберінде әзірлеу және бекіту жөніндегі функциялар алынып тасталды және ІІМ туралы ережеде бекітілді.
Сондай-ақ, «Ішкі істер органдары туралы» Заңынан «жергілікті полиция қызметі» және «полицияның желілік органдары» ұғымдары алынып тасталды, осыған байланысты бұйрықтар сәйкес келтіріледі.
Жобаның мақсаты – ҚР ІІМ ведомстволық бұйрықтарын заңнамалық актілерге сәйкес келтіру.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.