«Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын ратификациялау туралы» (әрі қарай - Конвенция) Қазақстан Республикасы Заң жобасына және Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2024 жылғы 24 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оның әзірлеуіне белсенді қатысты.
Конвенция мемлекеттерге киберқылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес бойынша қабылданатын іс-шаралардың жиынтығын ұсынатын жан-жақты жаһандық келісімшарт болып табылады.
Сонымен бірге ауыр қылмыстар бойынша электрондық дәлелдемелермен алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Киберқылмысқа қарсы конвенциясының негізгі мақсаттары:
- киберқылмыстылықтың алдын алудың және оған қарсы күрестің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу;
- киберқылмыстылықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу, жеңілдету және нығайту;
- киберқылмыстылықтың алдын алу және оған қарсы күресу мақсатында, әсіресе дамушы елдердің мүддесі үшін техникалық көмекті және әлеуетті қалыптастыруды көтермелеу, жеңілдету және қолдау осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.
Конвенцияны ратификациялау киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру және электронды дәлелдермен алмасу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін қажетті заңнамалық құқықтық негіздерді құруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясына ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді.
Конвенцияға қол қою республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Конвенция халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасы қатысушы болатына халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.