«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ІІМ әзірленді.

     Келісімнің мақсаты көші–қон саласындағы ақпаратпен алмасу, сонымен қатар қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ынтымақтастығын нығайту саласында қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

     Келісімге қол қою көші-қон саласындағы ынтымақтастық, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның аумағында жүрген екі елдің құқытарын қорғау, ақпарат және тәжірибе алмасу үшін негіз жасайды.

     Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сізге осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.

Қызмет бағыты