«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы
12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрық жобасын әзірледі.

     Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын 2025 жылғы шілдеде өзгертілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

      Бұдан басқа, «Ішкі істер органдары туралы» Заңның (халықтың пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) міндетті келісу), «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығының талаптарына сәйкес қосымшалар енгізілді, лауазымдардың атауы мен санаттары ішкі істер органдарының штат кестесіне, аттестатталған лауазымдар тізбесіне сәйкес келтірілді, сондай-ақ лауазымдар атауларының артық регламенттелуі алынып тасталды.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

     Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

     Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.