«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім ІІМ әзірленді.
Келісімнің мақсаты ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, әрбір мемлекеттің аумағында заңсыз жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жасау болып табылады.
Келісімді ратификациялау ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, олардың аумағында заңсыз жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін жасауға және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізге осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.