«Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасына және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысының жобаларына Үкіметі қаулысының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2024 жылғы 24 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оның әзірлеуіне белсенді қатысты.
Конвенция мемлекеттерге киберқылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес бойынша қабылданатын іс-шаралардың жиынтығын ұсынатын жан-жақты жаһандық келісімшарт болып табылады.
Сонымен бірге ауыр қылмыстар бойынша электрондық дәлелдемелермен алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Киберқылмысқа қарсы конвенциясының негізгі мақсаттары:
- киберқылмыстылықтың алдын алудың және оған қарсы күрестің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу;
- киберқылмыстылықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу, жеңілдету және нығайту;
- киберқылмыстылықтың алдын алу және оған қарсы күресу мақсатында, әсіресе дамушы елдердің мүддесі үшін техникалық көмекті және әлеуетті қалыптастыруды көтермелеу, жеңілдету және қолдау осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.
Конвенцияға қол қою киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру және электронды дәлелдермен алмасу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін қажетті заңнамалық құқықтық негіздерді құруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының және «Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмыстылыққа қарсы конвенциясына қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысының жобалары әзірленді.
Конвенцияға қол қою республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Конвенция Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.