«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының халықаралық бақыланатын жеткізілімін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы» Шартқа қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2,3-тармақтарына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы арасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының халықаралық бақыланатын жеткізілімін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы шарттың жобасына қол қоюға Қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету, есірткілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсерін тигізбейді.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.