Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес келтіру үшін өзгерістер енгізіледі.

Жобаның мақсаты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы Тіркеу куәлігінің телнұсқасын беру болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет - шетелдіктердің ЖСН қалыптастыру шеңберінде Ұлттық тізілімдерде анықтамалық деректердің біркелкілігін қамтамасыз ету мүддесінде «ХҚКО» АЖ мен «Бүркіт» БАЖ ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілді. Осыған байланысты шетел азаматының паспортын ауыстыру қажеттілігі жойылады.

Жобаны іске асыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе өзге де жағымсыз салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді.

Жоба қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

 

Қызмет бағыты