«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жүзеге асырылатыны туралы норманы көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осыған байланысты «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы әзірленді.