«Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы «Есірткі, психотроптық заттар, сол текстер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 1-тармағына және 3-тармағының 3) тармақшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік бақылау құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктерді өсіру, жинау және дайындау, оларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, әкелу, әкету, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, жою, сондай-ақ оларды медициналық, ғылыми және оқу мақсатында пайдалану, сараптамалық қызмет және криминалистикалық зерттеулер жүргізу процестері қамтылады. Бұл бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың Тізімге енгізілген құралдар мен заттарға қатысты жүзеге асырылады.
Қаулы жобасының мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.
Сіздерді осы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті