«Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

     Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына мынадай түзетулерді көздейді:

- Қазақстан Республикасының елорданың мәртебесі туралы Заңына сәйкес елорданың жергілікті өкілді органы бекітетін, елорданың тұрғылықты жері және аумағында уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, елорда аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеуді жүзеге асырумен толықтырылады.

- «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтіру негіз болып табылады.
- тұрғын үйдің барлық меншік иелерінің құқықтарына нұқсан келтіруді болдырмау мақсатында барлық тұрғын үй иелерінің келісімі бөлігінде түзету енгізіледі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы №267 бұйрыққа сәйкес түзету енгізіледі.
- Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі құқықтық мәртебесінің жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан/шыққан, айырылған тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға жататын адамдар санатымен толықтырылады.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес) және Қазақстан Республикасына кеткен күннен бастап бес жыл ішінде келмеген адамдарға белгілі бір мәртебе берумен толықтырылады. Болашақта бұл мәртебе жеңілдіктер мен преференцияларды негізсіз алуды, сондай-ақ ел аумағында тұрудың белгілі бір шегі көзделетін өзге де талаптарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.


ІІМ Көші-қон қызметі комитеті

Қызмет бағыты