«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі № 211-VIII заңымен негізделген заңға тәуелді актілерді уақтылы бекіту мақсатында әзірленді.
Мәселен, енгізілген өзгерістерге сәйкес «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» ҚР Заңында 26-баптың 10-тармағының бесінші тармақшасы алынып тасталды, «жас айбын», «жас сарбаз» түсініктері енгізілді.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы кодексін қоса алғанда, жоғары тұрған деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.