«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерді құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспардың 28, 29-тармақтарына сәйкес «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерді құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

          Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімінің 118, 119-тармақшаларына сәйкес келтіру болып табылады.

Жоба шеңберінде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бөлу, сондай-ақ оларды кіші түрлерге бөлу көзделеді: құжаттарды бірінші рет ресімдеу кезінде, азаматтың анықтама деректерін айырбастау және өзгерту жағдайларында.

          Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz)

          Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.