«Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі және психотроптық заттарға қажеттілігінің 2026 жылға арналған нормалары туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Қаулы жобасын әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
Жоба «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленген.
Қаулы жобасында медициналық, ғылыми-зерттеу және өндірістік мақсаттар үшін мемлекеттік квотаны үлестік бөлу мақсатында «Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі және психотроптық заттарға қажеттілігінің 2026 жылға арналған нормаларын бекіту көзделген.
Сіздерді осы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.