ҚР Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ішкі істер министрлігімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары 6-тармағының он алтыншы абзацының қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған жобамен Қырғыз Республикасының азаматтары үшін болу мерзімін есептеу тәртібі 1 жылға тоқтатыла тұрады. Осылайша, әзірленген жоба Қырғыз Республикасының азаматтары үшін қолданыстағы ережені тағы бір жылға ұзартады.

    Жоба Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық, саяси және инфрақұрылымдық байланыстарды өзара тиімді дамытуға бағытталған.

    Жобаны қабылдау теріс қоғамдық-саяси салдарға әкеп соқтырмайды.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.

Қызмет бағыты