«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 203-VIII қабылданған Заңы шеңберінде «Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына өзгерістер  енгізілді.

Жобаның мақсаты ІІМ-нің Ережесіне заңдардан шамадан тыс регламенттеу ретінде алынып тасталған жетіспейтін функцияларды толықтыру, сондай-ақ заңнамада қабылданған өзгерістермен ІІМ-нің кейбір функцияларын сәйкес келтіру болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсерін тигізбейді.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

         Сізге осы жобаны жария талқылауға қатысуды ұсынамыз.



Қызмет бағыты