«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 203-VIII Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шеіберінде әзірленген.
Қабылданған Заңмен «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Заңға «жергілікті полиция қызметі» ұғымын және «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігі құрамынан бөлініп шыққанан кейін оған берілген функциялар мен бөліністер Ішкі істер министрлігінің құзыретінен алып тастау алу бөлігінде түзетулер енгізілді.
Мазмұндалғанның негізінде бұйрық жобасымен «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығы сәйкестендірілуде.