«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі (бұдан әрі – бұйрық жобасы).

Бұйрық жобасының мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына «далалық төлемдер» ұғымының енгізілуімен сәйкес келтіру және оларды төлеу тәртібін айқындау болып табылады.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер (ашық НҚА)  порталында танысуға болады.

Қызмет бағыты