«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңартылған заттай нормалары бекітілді. Нәтижесінде бұрын қолданылған нормалар өзектілігін жоғалтты және күші жойылды деп танылуға жатады.

 «Құқықтық актілер туралы»  ҚР Заңының 27-бабының 2 тармағының талаптарына сәйкес жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.

Қызмет бағыты