«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» заңның қабылдануына негізделген заңға тәуелді актілерді уақтылы бекіту мақсатында әзірленді.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының аясында жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.