«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 және «Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы «24» маусымдағы № 196-VIII және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы «30» маусымдағы № 203-VIII Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің отбасыларының әлеуметтік теңсіздігін жою және әлеуметтік қорғалуын нығайту мақсатында көзделген, сондай-ақ заңнамада қабылданған өзгерістерге сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсерін тигізбейді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.