«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен ішкі істер органдарының желілік бөлімшелерді тарату
іс-шаралары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобада мыналарға қатысты өзгерістер енгізу көзделеді:
- жергілікті полиция қызметі мен ішкі істер органдарының желілік бөлімшелерді терминдері мен атауларын әкімшілік полициямен сәйкестендіру
- өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты профилактикалық есепке алу мерзімін айқындау;
- «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 Ішкі істер министрі бұйрығының күші жою.
Жоба мәтінімен Ашық НҚА (https://legalacts.egov.kz) порталында танысуға болады.