«Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйырықтың жобасы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2024 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөнінедегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 қарашадағы №156-р өкімінің 15-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресімдеу қағидалары Үкімет құзырентінен ІІМ-не берілді.

Жобаның мақсаты мас күйіне куәландыру жүргізу тәртібін регламенттеу болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсерін тигізбейді.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

         Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты