«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйрық жобасы қолданыстағы заңнама нормаларына, Ішкі істер министрінің әкімшілік полиция қызметтері бойынша және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

Жоба аясында ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінің қызметін айқындайтын және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы №353-I Заңымен реттелетін «Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ережелерге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр:

  • күдіктілер мен айыпталушылар өз ұсыныстарын, арыз-шағымдарын бере алатын уәкілетті тұлғалар шеңберін кеңейту (Президент, Үкімет және орталық мемлекеттік органдар);
  • қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алынғандарды әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағыштарда ұстау;
  • қабылдау-тарату мекемелерінде ұсталатын адамдарға бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ парақорлық тәуекелдерін болдырмау (мысалы, ұсталушыға мобильді телефон беру фактілері);
  • сотталғандармен жұмыс істеу ережелерін минималды стандарттарға сәйкестендіру (ауызсуға қолжетімділік, күнделікті серуен мен дене жаттығулары құқығы және т.б.);
  • компьютерлер, жергілікті желіге қолжетімділік, бейнебақылау және т.б. құралдармен жабдықтау, бұл құқық қорғау және сот жүйесі қызметкерлерінің (тергеушілер, прокурорлар, судьялар) жұмысын жеңілдетуге бағытталған.

 

       Жобамен ІІМ-нің мынадай бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі:

       - ІІМ-нің 2011 жылғы 23 мамырдағы «Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №232 бұйрығы;

- ІІМ-нің 2011 жылғы 23 мамырдағы «Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 233 бұйрығы;

- ІІМ-нің 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Ішкі істер органдарын қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" № 10 бұйрығы;

- ІІМ-нің 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" № 11 бұйрығы;

- ІІМ-нің 2012 жылғы 22 мамырдағы «Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелеріне қоғамдық бақылау комиссиясының бару қағидаларын бекіту туралы»  № 312 бұйрығы;

         - ІІМ-нің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы «Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы» № 1122 бұйрығы;

         - ІІМ-нің 2018 жылғы 5 ақпандағы «Ішкі істер органдарын уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» № 95 бұйрығы.

Қызмет бағыты