«Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 939 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – Жоба) БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 22-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді іске асыру болып табылады, оған сәйкес дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық тасымалдағыштардағы мәліметтерді «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары анықтайды.