БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына
Терминдер мен атауларды нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру, Ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейін жан-жақты бағалау, оларды қосымша материалдық ынталандыру, сондай-ақ кадрларды тарту мақсатында Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментімен «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.
Жобада мыналарға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:
- терминдер мен атауларды сәйкестендіру;
- сыныптық біліктілігін төмендету және алып тастау, сыныптық біліктілігін айқындау кезінде ішкі істер органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет өтілін есептеу тәртібі;
- сыныптық біліктілікті айқындау кезінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қызмет өтілін есептеу;
- уағдаластық шеңберінде ведомстволық әскери білім беру ұйымдарында және шет елдерде күндізгі нысанда оқитын Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің крап берет және крап түсті тельняшка кию құқығына біліктілік сынақтарынан сәтті өткен сыныптық біліктілігін айқындау тәртібін;
- осы құзыретті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне беруге байланысты Ұлттық ұланның авиациялық персоналына сыныптық біліктілікті айқындау тәртібін алып тастау.
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті