Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба стратегиялық әріптестік және өзара теңдік (паритет) қағидаты шеңберінде әзірленді.
Жобаның мақсаты «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысының 3-тарауының
17-тармағына толықтырулар енгізу болып табылады. Көрсетілген тармақ мынадай абзацтармен толықтырылады:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген иммигранттар, егер олардың сапар мақсаты мен мерзімі осы тармақтың екінші бөлігінде көзделгенге сәйкес келмесе, Қазақстан Республикасы аумағына кіруге дейін тиісті визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге алдын алда жүгінулері қажет.
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспаса, Түркия Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді».
Жобаны іске асыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе өзге де теріс салдарға әкеп соқпайды. Жоба қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтінін атап өтеміз.
Жоба мәтінімен Ашық НҚА (legalacts.egov.kz) порталында танысуға болады.