«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 230-VIII Заңын іске асыру мақсатында бұйрық жобасын әзірледі.
Қабылданған Заң шеңберінде «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңға жергілікті полиция қызметі ұғымдарын алып тастау және желілік полиция атауының тұжырымдамасын «көліктегі полиция органдары» жаңа терминімен ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізілген.
Осыған байланысты ІІМ-нің келесі бұйрықтары жобамен сәйкес келтіріледі:
- «Ішкі істер органдарында алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, табылған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» (2015 жылғы 24 ақпандағы № 150);
- «Табиғат қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096);
- «Азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (2016 жылғы 29 наурыздағы № 313);
Сондай ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында (2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 ІІМ бұйрық) интурохота үшін ұсынылатын талап етілетін құжаттар тізбесінен АШМ-нің аумақтық органымен келісу рәсімі (өтініш бланкі) алынып тасталады.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.