Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
ҚР Ішкі істер министрлігімен «Әскери қызметшiлерге және ішкі істер органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен келісілген заңға тәуелді актілерді уақтылы сәйкестендіру болып табылады.
Осыған байланысты бұйрық жобасымен «азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері» және «азаматтық қорғау органдарындағы қызмет» ұғымдарын енгізу көзделген.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА / НҚА (egov.kz).
Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.