Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында ("Ашық НҚА") жария талқылау үшін Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы жарияланды. Бұл тұжырымдама елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің одан арғы стратегиясын бекіту көзделіп отыр.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары:
- азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғауды күшейту;
- жергілікті қоғамдастықпен серіктестікте құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жүйесін құру;
- полиция жұмысын сервиске бағдарланған, адамға бағытталған модельге айналдыру.
Қылмыстың салдарымен күресуден гөрі, ұжымдық түрде оның алдын алу бағытындағы шаралар қабылдау тиімді, нәтижелі және пайдалы екенін халықаралық тәжірибе дәлелдеді.
Сондықтан Тұжырымдама аясында қоғамның барлық «салауатты күштерді» қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын жою арқылы оның алдын алуға бағыттау көзделген.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігі негізінде өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері бекітіледі. Бұл ретте, тұжырымдама мақсаттарына қол жеткізудің нәтижелілігін бағалау үшін индикаторлар жүйесі белгіленеді.
Осыған орай сіздерден порталға өтіп, аталған жобаны ашық талқылауға қатысуға шақырамыз.