«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м. а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына мынадай түзетулерді көздейді:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамына «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне ХҚТ ТП арқылы электрондық өтінімді ресімдеу кезінде өкілеттіктер берумен толықтырылады.

Себебі 2022 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ қызметкерлерімен «ҚР азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды, ол МК-ның фронт-офистерін құжаттандыру секторларында кезектерді тарату, көші-қон қызметі қызметкерлеріне жүктемені азайту, соның салдарынан азаматтардың кезекте тұру уақытын қысқарту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігінде оң нәтиже берді.

- жеке басын куәландыратын құжаттарға ресімдеу кезінде қол қоюдың жол берілмейтін форматы туралы нақтылаумен толықтырылады.

- «Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркеу» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу» мемлекеттік қызметінде балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу олар туылған сәттен бастап қайта басталады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Қызмет бағыты