«Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына және «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізу» туралы Үкімет Қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 19 сәуірде Еуропа кеңесінің министрлер Комитетімен компьютерлік қылмыстар туралы Конвенциясына (ETS №185, Будапешт қ., 2001ж., әрі қарай – Конвенция) қосылуға шақырылды.

Конвенциямен компьютерлік жүйелер мен желілердің және компьютерлік деректердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне қарсы, осы Конвенцияда сипатталатын осындай іс-әрекеттердің қылмыстық жазалануын қамтамасыз ету және осындай қылмыстық сипаттағы қылмыстармен тиімді күрес жүргізу үшін жеткілікті өкілеттіктер беру арқылы,  қылмыстарды анықтау мен тергеуге, желілерді және деректерді теріс пайдалануға қарсы бағытталған іс-қимыл көзделген.

Конвенцияны ратификациялау компьютерлік қылмыстарға қарсы
іс-қимыл саласында қатысушы мемлекеттермен өзара ынтымақтастық жасасуға құқықтық негізді құрайды және реттейтін салада ынтымақтастық механизмін құру мен компьютерлік қылмыстармен күресудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, ІІМ «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы және «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізу» туралы Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді.

Конвенцияны ратификациялау республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Конвенция халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, және Қазақстан Республикасы қатысушы болатына халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.