«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобаның мақсаты артық заңнамалық регламенттеуді алып тастау, сондай-ақ 2025 жылғы 28 мамырда Парламент Мәжілісі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 22-тармағына сәйкес келтіру болып табылады.
Анықтама: Қазіргі уақытта дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құқықтық қатынастар заңға тәуелді екі акті: «Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 939 қаулысымен және «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» ІІМ-нің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен регламенттелген.