БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ бұйрығы жобасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
Ішкі істер министрлігі «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын әзірледі (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).
Бұйрық жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 2025 жылғы 28 мамырда қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» Заңының 1-бабы 5-тармағына сәйкестікке келтіру болып табылады.