Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ішкі істер министрлігімен «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы  1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Жобаны қабылдау нәтижесінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай (Үйгентас) ауылдық округі, сондай-ақ Қостанай облысы Арқалық қаласы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қызмет етуі жеңілдікті шарттарда есептелетін жергілікті жерлердің тізбесіне қосылатын болады (бұдан әрі – Тізбе).

Сонымен қатар Тізбеде Алматы облысының Қапшағай қаласының Қонаев қаласы болып қайта аталуына байланысты, сондай-ақ Жетіген ауылының Алатау қаласы болып қайта құрылуына байланысты түзету көзделген.

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы үшін теріс қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Қызмет бағыты